Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

30 маусымнан бастап Мүшелік туралы қағидаға енгізілген түзетулер қолданысқа енгізілді

01.07.2026 17:52 · KASE нормативная база поправки в документы новости kase ·
/KASE, 01.07.26/ – Қазақстан қор биржасының директорлар кеңесінің (KASE) 
2026 жылдың 30 маусымЫНдағы шешімімен, 2026 жылдың 30 маусымынан 
бастап қолданысқа енгізілген, "Мүшелік туралы қағида" (Қағида) атты 
KASE ішкі құжатына № 13 өзгертулер мен толықтыру (түзетулер) бекітілді.

Түзетулерде мыналар көзделген:

- KASE мүшелерімен ақпараттық жүйелер мен өзара іс-қимыл 
  арналарының әмбебап атауын қолдану мақсатында "Биржаның 
  электрондық қызметтер платформасы" термині енгізілді;

- KASE мүшелігіне қабылдау туралы өтініш үлгісі өзектендірілді.

Бұдан басқа, 2026 жылдың 30 маусымынан бастап KASE "Кәсіби этика және 
іскерлік мінез-құлық ережелері" атты ішкі құжатының күші жойылды деп 
танылды. Бұл ретте сауда-саттыққа қатысушылардың әділ мінез-құлқының 
жалпы этикалық нормалары мен қағидаттары Қағиданың 4-1 бабында 
бекітілген.

Қағиданың жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме 
бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/information/rules ("Мүшелік" 
қалташасы).

[2026-07-01]