Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

2026 жылдың 01 шілдесінен бастап МБҚ бойынша баға шекараларын өзгертуді жүзеге асыру үшін өтінімдер көлемі бойынша шектеулер мен нарықтық тәуекелдерді бағалау диапазонының шекаралары қайта қаралды

01.07.2026 19:06 · KASE новости kacc новости новости клирингового центра ·
/KACC, 01.07.26/ – KASE Клиринг орталығы (KACC) Нарықтық тәуекелдер 
жөніндегі комитет 2026 жылдың 01 шілдесінде келесі шешімдерді 
қабылдағанын хабарлайды:

- 2026 жылдың 01 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының 
  мемлекеттік бағалы қағаздары (МБҚ) бойынша баға шекараларын мен 
  нарықтық тәуекелдерді бағалау диапазонының шекараларын өзгертуді 
  жүзеге асыру үшін бастапқы дилерлердің меншікті сауда-клирингілік 
  шоттарынан берілген өтінімдер көлемі бойынша шектеулер алып 
  тасталсын;

- 2026 жылдың 01 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының 
  мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша баға шекаралары мен 
  нарықтық тәуекелдерді бағалау диапазонын өзгертуді жүзеге асыру 
  үшін бастапқы дилерлер болып табылмайтын қатысушылардың 
  өтінімдерінің минималды көлемі және бастапқы дилерлердің клиенттік 
  шоттарынан үздіксіз қарсы аукцион әдісімен сатып алу/сату сауда-
  саттық режимінде берілген өтінімдер бойынша шектеулер кемінде 
  10 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

[2026-07-01]