07 шілдеден бастап KASE "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00012995 (BTRKb19) облигацияларын KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады
/KASE, 07.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 07 шілдесінен бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* сериясы) "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00012995 (BTRKb19) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады (03 шілде – өтеу кезінде тіркелген күні). 2026 жылдың 07 шілдесінен бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 75 атаудағы облигациялардан тұратын болады. KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы. KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағандағы бағалар бойынша ("таза" бағалар бойынша) есептелетін корпоративтік облигациялар бағасының индексі. Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf [2026-07-07]