09 шілдеден бастап "Joint Resources" АҚ KZ1C00001510 (JRES) жай акциялары олардың эмитентінің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылады
/KASE, 08.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының 2026 жылдың 08 шілдесіндегі шешімімен KASE ресми тізімінен "Joint Resources" АҚ KZ1C00001510 (KASE баламалы алаңы, "акциялар"секторы, JRES) жай акциялары алынып тасталды. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 09 шілдесінен бастап күшіне енеді. Бұл шешім "Joint Resources" АҚ-ның KASE ресми тізімінен көрсетілген акциялардың ерікті делистингі туралы өтініші негізінде қабылданды. Аталған акциялар KASE ресми тізімінің баламалы алаңының "акциялар" секторына 2018 жылдың 30 қаңтарынан бастап енгізілді. Олармен сауда- саттық 2018 жылдың 23 сәуірінен бастап ашылды. [2026-07-08]