Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

15 шілдеден бастап "Цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтер сауда-саттық платформасы операторының, цифрлық қаржы активтерінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымның қызметін жүзеге асыру ережелері" атты KASE жаңа ішкі құжаты қолданысқа енгізіледі

08.07.2026 17:44 · KASE нормативная база утверждение новых документов новости kase ·
/KASE, 08.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Директорлар кеңесінің 
2026 жылдың 03 шілдесіндегі шешімімен "Цифрлық қаржы активтері 
платформасы операторының, цифрлық активтер сауда-саттық 
платформасы операторының, цифрлық қаржы активтерінің базалық активін 
сақтау жөніндегі ұйымның қызметін жүзеге асыру ережелері" (Ережелер) 
атты KASE жаңа ішкі құжаты бекітіліп, 2026 жылдың 15 шілдесінен бастап 
қолданысқа енгізілетін болады.

Қағидалар KASE цифрлық активтер саласында көрсететін қызметтерді 
көрсету тәртібін анықтайды.

Ережелер KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/files/normative_base/rules_dfa.pdf

[2026-07-08]