Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

09 шілдеден бастап "ЮНИКРЕДО" МҚҰ" ЖШС KZ2P00018138 (MFUCb10) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

09.07.2026 10:16 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 09.07.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE)Листингілік 
комиссиясы 2026 жылдың 07 шілдесінде "ЮНИКРЕДО" МҚҰ" ЖШС 
(Алматы) KZ2P00018138 (MFUCb10; 1 000 KZT, 4,0 млрд KZT; 3 жыл; 
тоқсандық купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигацияларының баламалы 
алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу 
туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 09 шілдесінен бастап 
күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы 
қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларды шығару 2022 жылдың 21 қазанында 10,0 млрд KZT 
сомасына тіркелген "ЮНИКРЕДО" МҚҰ" ЖШС бірінші облигациялық 
бағдарламасы шегінде төртінші болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFUCb10

[2026-07-09]