Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

01 тамыздан бастап Маркет-мейкерлер қызметінің ережелеріне енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі

13.07.2026 17:36 · KASE нормативная база поправки в документы новости kase ·
/KASE, 13.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 
2026 жылдың 30 маусымындағы шешімімен 2026 жылдың 01 тамызынан 
бастап қолданысқа енгізілетін "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" 
(Ережелер) атты KASE ішкі құжатына № 28 өзгертулер мен толықтырулар 
(түзетулер) бекітілді.

Түзетулермен бағалы қағаздардың, оның ішінде "KASE Global" секторына 
енгізілген ETF бойынша маркет-мейкерлер үшін:

- 11:30-дан 17: 30-ға дейін спрэдтің максималды мәні – 0,9 %, күту 
  уақыты – 142 минут;

- 17:31-ден 22:00-ге дейін спрэдтің максималды мәні – 0,5 %, күту уақыты 
  – 50 минут.

Бұдан басқа, KASE Global секторының бағалы қағаздары бойынша маркет-
мейкерлер үшін жауапкершілік шараларын қолдану механизмі нақтыланды.

Ережелердің жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме 
бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/information/rules ("Сауда-саттық" 
қалташасы – "Маркет-мейкерлер").

[2026-07-13]