Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

16 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасы KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның KZ2C00004133 (JSBNb1) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

16.07.2026 10:32 · KASE индекстер мен индикаторлар индексы серии kase_b* новости kase ·
/KASE, 16.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
16 шілдесінен бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар 
нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* 
сериясы) "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ KZ2C00004133 
(JSBNb1) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына 
байланысты (16 шілде – өтеу кезінде тіркелген күні) алып тастады.

2026 жылдың 16 шілдесінен бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының 
өкілдік тізімі 74 атаудағы облигациялардан тұратын болады.

KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.

KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке 
алмағанда бағалар бойынша ("таза" бағалар бойынша) есептелетін 
корпоративтік облигациялар бағасының индексі.

Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда-
саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша 
жарияланған http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf

[2026-07-16]