Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

20 шілдеден бастап KASE KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "TAS FINANCE GROUP "МҚҰ" ЖШС (ТАС ФИНАНС ГРУПП) KZ2P00010788 (MFTSb2) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

20.07.2026 10:41 · KASE индекстер мен индикаторлар индексы серии kase_b* новости kase ·
/KASE, 20.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
20 шілдесінен бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар 
нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* 
сериясы) "TAS FINANCE GROUP "МҚҰ" ЖШС (ТАС ФИНАНС ГРУПП) 
KZ2P00010788 (MFTSb2) облигацияларын олардың айналым мерзімінің 
аяқталуына байланысты алып тастады (17 шілде – өтеу кезінде тіркеу күні 
өтеу).

2026 жылдың 20 шілдесінен бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының 
өкілдік тізімі 73 атаудағы облигациялардан тұратын болады.

KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.

KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке 
алмағанда бағалар ("таза" бағалар) бойынша есептелетін корпоративтік 
облигациялар бағасының индексі.

Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда-
саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша 
жарияланды http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf

[2026-07-20]