Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

22 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасы KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен KZ2P00007776 (MFTFb1) облигацияларын "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

22.07.2026 10:20 · KASE индекстер мен индикаторлар индексы серии kase_b* новости kase ·
/KASE, 22.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
22 шілдесінен бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар 
нарығының индикаторларын (KASE_BM* сериясы) есептеу үшін өкілдік 
тізімнен "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС KZ2P00007776 
(MFTFb1) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына 
байланысты алып тастады (22 шілде – өтеу кезінде тіркелген күні).

2026 жылдың 22 шілдесінен бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының 
өкілдік тізімі 72 атаудағы облигациялардан тұратын болады.

KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.

KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке 
алмағанда бағалар бойынша ("таза" бағалар бойынша) есептелетін 
корпоративтік облигациялар бағасының индексі.

Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда-
саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша 
жарияланды http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf

[2026-07-22]