Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

23 шілдеден бастап жергілікті атқарушы органдар облигацияларының үш шығарылымы KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді

23.07.2026 12:26 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 23.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 
шешімімен 2026 жылдың 23 шілдесінен бастап KASE ресми тізімінің 
"мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына мынадай облигациялар енгізілді:

1) Астана қаласының жергілікті атқарушы органының KZZJ00000219 
   (ASK060_021; 1 000 KZT, 1 738 240 000 KZT; 5 жыл; жарты жылдық 
   купон, жылдық 13,28%; 30/360);

2) Астана қаласының жергілікті атқарушы органының KZZJ00000227 
   (ASK060_022; 1 000 KZT, 805 263 000 KZT; 5 жыл; жарты жылдық купон, 
   жылдық 13,28%; 30/360);

3) Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003671 
   (KOK022_367; 1 000 KZT, 2 108 810 000 KZT; 22 ай; жарты жылдық 
   купон, жылдық 4,25%; 30/360).

Аталған облигациялар сарқынды суларды тазарту құрылыстарының 
кешендерін, жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен 
жүйелерін салуды және жаңғыртуды (реконструкциялауды, күрделі 
жөндеуді), сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде 
тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) сатып алуды, 
сатып алуды қаржыландыру мақсатында шығарылды.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мыа 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/markets/government-securities


[2026-07-23]