Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

23 шілдеден бастап KASE KASE_KZ3BUP сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС KZ2P00007776 (MFTFb1) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

23.07.2026 17:31 · KASE индекстер мен индикаторлар индексы серии kase_b* новости kase ·
/KASE, 23.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
23 шілдесінен бастап "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС 
KZ2P00007776 (MFTFb1) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына 
байланысты BBB- және одан жоғары (KASE_KZ3BUP сериясы) халықаралық 
кредиттік рейтингі бар KZT-мен номинацияланған корпоративтік 
облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен 
алып тастады.

2026 жылдың 23 шілдесінен бастап KASE_KZ3BUP сериясы 
индикаторларының өкілдік тізімі бес атаудағы облигациялардан тұратын 
болады.

KASE_KZ3_CP – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке 
алмағандағы бағалар бойынша ("таза" бағалар бойынша) корпоративтік 
облигациялар құнының өзгеруін көрсететін "таза" бағалар индексі.

KASE_KZ3_TR – жиынтық табыс индексі (есептелген, төленген купондық 
төлемді және қайта инвестицияланған купондық төлемді ескере отырып).

KASE_KZ3_Y – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.

Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда-
саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша 
жарияланған http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf

[2026-07-23]