Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

27 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында IBM corp. US4592001014 (IBM_KZ) және Citigroup Inc.US1729674242 (C_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

24.07.2026 14:40 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 24.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
27 шілдесінен бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-
саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша мынадай жай 
акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 10 тамызына және одан кейінгі 
   күндерге келетін, IBM corp. US4592001014 ("KASE Global" секторы, 
   IBM_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 12 тамызынан бастап қайта 
   басталады;

2) есеп айырысу күні 2026 жылғы 03 тамызына және одан кейінгі күндерге 
   келетін, Citigroup Inc. US1729674242 ("KASE Global" секторы, C_KZ), 
   сауда-саттық 2026 жылдың 05 тамызынан бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE "Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері" атты ішкі 
құжатының 13 тарауы 77 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 
көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу 
туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-07-24]