27 шілдеден бастап KASE айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ-тың KZ2C00014520 (BTRKb27) облигацияларын KASE_BM* сериялы индикаторлардың өкілдік тізімінен алып тастады
/KASE, 27.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 27 шілдеден бастап айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты (25 шілде – өтеу кезіндегі тіркеу күні) "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ-тың KZ2C00014520 (BTRKb27) облигацияларын негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын (KASE_BM* сериясы) есептеуге арналған өкілдік тізімнен алып тастады. 2026 жылғы 27 шілдеден бастап KASE_BM* сериялы индикаторлардың өкілдік тізімі 71 атаудағы облигациялардан тұрады. KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы. KASE_BMC – жинақталған, бірақ төленбеген купондық сыйақыны есепке алмай ("таза" баға бойынша) есептелетін корпоративтік облигациялар бағаларының индексі. Аталған индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық қорытындысы бойынша күніне бір рет есептейді. Әдістеме мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланған: http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf. [2026-07-27]