Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

28 шілдеден бастап KASE-де екі атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылады

27.07.2026 14:46 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 27.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 28 шілдеден 
бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен өткізілетін сауда-саттық 
режимдеріндегі репо операциялары бойынша мынадай жай акциялармен 
сауда-саттықтың тоқтатылатынын хабарлайды:

1) Newmont Corp. компаниясының US6516391066 ("KASE Global" секторы, 
   NEM_KZ) есеп айырысу күні 2026 жылғы 03 қыркүйекке және одан 
   кейінгі күндерге түсетін мәмілелер бойынша сауда-саттық тоқтатылады. 
   Сауда-саттық 2026 жылғы 07 қыркүйектен бастап қайта басталады;

2) ALPHABET INC. компаниясының US02079K1079 ("KASE Global" секторы, 
   GOOG_KZ) есеп айырысу күні 2026 жылғы 07 қыркүйекке және одан 
   кейінгі күндерге түсетін мәмілелер бойынша сауда-саттық тоқтатылады. 
   Сауда-саттық 2026 жылғы 09 қыркүйектен бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE-нің "Сауда-саттық өткізу ережелері" атты ішкі 
құжатының 13-тарауының 77-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-
де аталған акциялар бойынша дивиденд төлеу үшін акционерлер тізілімінің 
тіркелгені туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

[2026-07-27]