Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

29 шілдеден бастап KASE-де үш атаудағы бағалы қағаздармен сауда-саттық тоқтатылады

28.07.2026 17:47 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 28.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 29 шілдеден 
бастап KASE-де орталық контрагент қатысатын сауда-саттық 
режимдеріндегі репо операциялары бойынша мынадай бағалы қағаздармен 
сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды:

1) State Street Consumer Staples Select Sector SPDR ETF-тің US81369Y3080 
   ETF-і (KASE Global секторы, XLP_KZ), есеп айырысу күні 2026 жылғы 21 
   қыркүйекке және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін мәмілелер 
   бойынша. Сауда-саттық 2026 жылғы 23 қыркүйектен бастап қайта 
   басталады;

2) The Utilities Select Sector SPDR Fund-тың US81369Y8865 ETF-і (KASE 
   Global секторы, XLU_KZ), есеп айырысу күні 2026 жылғы 21 қыркүйекке 
   және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін мәмілелер бойынша. Сауда-
   саттық 2026 жылғы 23 қыркүйектен бастап қайта басталады;

3) Bank of America Corporation компаниясының US0605051046 жай 
   акциялары (KASE Global секторы, BAC_KZ), есеп айырысу күні 2026 
   жылғы 04 қыркүйекке және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін 
   мәмілелер бойынша. Сауда-саттық 2026 жылғы 07 қыркүйектен бастап 
   қайта басталады.

Сауда-саттық KASE-нің "Сауда-саттық өткізу ережелері" атты ішкі 
құжатының 13-тарауы 77-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 
аталған бағалы қағаздар бойынша дивиденд төлеу үшін тізілімді тіркеу 
туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

[2026-07-28]