"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-тың жалғыз акционері қоғамның 2025 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін бекітті
/KASE, 29.07.26/ – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (KASE тикері – SKKZ) жалғыз акционерінің 2026 жылғы 27 шілдедегі шешімдері туралы хабарлады. Акционер, өзге шешімдермен қатар мынадай шешімдер қабылдады: - қоғамның 2025 жылғы жылдық қаржылық есептілігін (шоғырландырылған және жеке) бекіту; - 2025 жылғы қоғамның 2 341 490 944 000 KZT мөлшеріндегі шоғырландырылған таза кірісін бөлудің мынадай тәртібін бекіту: - 62 179 218 349,71 KZT "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына бөлу; - таза кірістің бөлінбеген бөлігін инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру, борыштық міндеттемелерді өтеу және активтерді сатып алу үшін қоғам мен оның компанияларының билігінде қалдыру. Аталған ақпарат https://kase.kz/files/emitters/SKKZ/skkz_decision_sole_270726_4170.pdf сілтемесі бойынша орналастырылған. [2026-07-29]