Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

KASE 2026 жылдың тамызына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы бағалы қағаздардың тізімдерін қалыптастырды

29.07.2026 12:42 · KASE инструменты списки ликвидных, неликвидных акций новости kase ·
/KASE, 29.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE-нің "Бағалы 
қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін айқындау әдістемесі" атты ішкі 
құжатына сәйкес KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың ішінен 
2026 жылдың тамызына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші 
кластарындағы акциялардың, депозитарлық қолхаттардың және 
инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – 
Бағалы қағаздар тізімдері) қалыптастырды.

Бағалы қағаздардың тізімдері Индекстер мен индикаторлар жөніндегі 
комитеттің 2026 жылғы 23 шілдедегі шешімімен бекітілді және ондағы 
бағалы қағаздарға KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану 
мақсатында қалыптастырылды.

2026 жылғы 01 тамыздан 31 тамызға дейін қолданыста болатын 
өтімділіктің бірінші класындағы бағалы қағаздардың тізіміне 86 атаудағы 
бағалы қағаздар енгізілген. 2026 жылдың шілде айына жасалған өтімділіктің 
бірінші класындағы бағалы қағаздардың қолданыстағы тізімімен 
салыстырғанда тізімге мыналар енгізілді:

1) ETF US4642874329 ("KASE Global" секторы, TLT_KZ) iShares 20+ Year 
   Treasury Bond ETF;

2) ETF US46137V1420 ("KASE Global" секторы, PHO_KZ) Invesco Water 
   Resources ETF.

2026 жылдың шілде айына қалыптастырылған өтімділіктің бірінші класының 
тізімінен төмендегілер шықты:

1) ETF US81369Y3080 ("KASE Global" секторы, XLP_KZ) State Street 
   Consumer Staples Select Sector SPDR ETF;

2) Caterpillar компаниясының US1491231015 жай акциялары ("KASE 
   Global" секторы, CAT_KZ) ;

3) Johnson & Johnson компаниясының US4781601046 жай акциялары 
   ("KASE Global" секторы, JNJ_KZ);

4) ExxonMobil Holdings компаниясының US30233Q1085 жай акциялары 
   ("KASE Global" секторы, XOM_KZ);

2026 жылғы тамыздағы өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші 
кластарындағың бағалы қағаздардың тізімдері KASE интернет-ресурсында 
мына сілтеме бойынша жарияланған: 
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2026_aug.pdf

2026 жылғы шілдедегі өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші 
кластарындағың бағалы қағаздардың тізімдері KASE интернет-ресурсында 
мына сілтеме бойынша жарияланған: 
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2026_jul.pdf

Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін айқындау әдістемесі мына 
сілтеме бойынша жарияланған: 
http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf

[2026-07-29]