Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

30 шілдеден бастап KASE-де АҚШ Қаржы министрлігінің төрт шығарылымдағы халықаралық облигацияларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылды

30.07.2026 09:28 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 30.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 30 шілдеден 
бастап KASE-де орталық контрагент қатысатын сауда-саттық 
режимдеріндегі репо операциялары бойынша АҚШ Қаржы министрлігінің 
мынадай халықаралық облигацияларымен сауда-саттықтың уақытша 
тоқтатылғанын хабарлайды:

1) US91282CDF59 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US184_2810) – 
   есеп айырысу күні 2026 жылғы 30 қазанға және одан кейінгі күндерге 
   келетін мәмілелер бойынша. Сауда-саттық 2026 жылғы 02 қарашадан 
   бастап қайта басталады;

2) US91282CLP40 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US194_2609) – 
   есеп айырысу күні 2026 жылғы 29 қыркүйекке және одан кейінгі күндерге 
   келетін мәмілелер бойынша;

3) US91282CGP05 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US197_2802) – 
   есеп айырысу күні 2026 жылғы 28 тамызға және одан кейінгі күндерге 
   келетін мәмілелер бойынша. Сауда-саттық 2026 жылғы 31 тамыздан 
   бастап қайта басталады;

4) US91282CMS79 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US200_2803) – 
   есеп айырысу күні 2026 жылғы 14 қыркүйекке және одан кейінгі күндерге 
   келетін мәмілелер бойынша. Сауда-саттық 2026 жылғы 16 қыркүйектен 
   бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE-нің "Сауда-саттық жүргізу ережелері" атты ішкі 
құжатының 13-тарауының 77-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-
де көрсетілген облигациялар бойынша купондық сыйақыны төлеу үшін 
тізілімнің тіркелгені туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

[2026-07-30]