Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

03 тамыздан бастап KZGB_CPm1m және KZGB_DPm1m индекстерін есептеуге арналған өкілдік тізім қазақстан республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының 57 атауынан тұратын болады

30.07.2026 09:54 · KASE индекстер мен индикаторлар индексы серии kase_b* новости kase ·
/KASE, 30.07.26/ – 2026 жылғы 03 тамыздан бастап KZGB_CPm1m және 
KZGB_DPm1m индекстерін есептеуге арналған өкілдік тізім Қазақстан 
Республикасының 57 атаудағы мемлекеттік бағалы қағазынан (МБҚ) 
тұратын болады (тізімге енгізілді: MOM036_0093, KZK200000794, тізімнен 
шығарылды: MOM060_0052, KZK200000679; MUM180_0004, 
KZKD00000444).

Қазақстан қор биржасы (KASE) Қор нарығының индекстері мен 
индикаторларын есептеу әдістемесіне сәйкес мынадай индекстерді 
есептейді және жариялайды:

1) KZGB_CPm1m (more than one month) – өтеу мерзімі 31 күн және одан 
   көп мемлекеттік бағалы қағаздардың есептелген, жинақталған және 
   төленбеген купондық сыйақыны есепке алмайтын "таза" бағаларының 
   баға индексі;

2) KZGB_DPm1m – өтеу мерзімі 31 күн және одан көп мемлекеттік бағалы 
   қағаздардың жиынтық табыстылығының (есептелген және төленген 
   купондық төлемді ескере отырып) баға индексі;

3) KZGB_Ym1m – жылдық пайызбен көрсетілетін кірістілік көрсеткіші;

4) индекстің дюрациясы, жылмен;

5) индекстің модификацияланған дюрациясы.

2026 жылғы тамызға арналған көрсетілген индекстерді есептеуге арналған 
өкілдік тізім 2026 жылғы 29 шілде кешіндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың 
параметрлері бойынша (осы тізімнің күшіне ену күніне дейінгі үш жұмыс күні 
бұрын) қалыптастырылды.

Өкілдік тізім 2026 жылғы 03 тамызда https://kase.kz/kk/stock_market/ 
парақшасында (KZGB_CPm1m немесе KZGB_DPm1m бөлімі) жарияланады.

[2026-07-30]