30 шілдеден бастап KASE айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты "Home Credit Bank" АҚ-тың ("Forte Bank" АҚ ЕБ) KZ2C00009918 (HCBNb10) облигацияларын KASE_BM* сериялы индикаторлардың өкілдік тізімінен шығарды
/KASE, 30.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 30 шілдеден бастап айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты ("30 шілде – өтеу кезіндегі тіркеу күні") "Home Credit Bank" АҚ-тың ("Forte Bank" АҚ ЕБ) KZ2C00009918 (HCBNb10) облигацияларын негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығы индикаторларын (KASE_BM* сериясы) есептеуге арналған өкілдік тізімнен шығарды. 2026 жылғы 30 шілдеден бастап KASE_BM* сериялы индикаторлардың өкілдік тізімі 70 атаудағы облигациядан тұратын болады. KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы. KASE_BMC – есептелген және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмайтын ("таза" бағамен есептелетін) корпоративтік облигациялар бағасының индексі. Аталған индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен жүргізілген сауда-саттық қорытындысы бойынша күніне бір рет есептейді. Әдістеме мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланған: http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf [2026-07-30]