Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

31 шілдеден бастап "Jet Finance" МҚҰ" ЖШС-ның KZ2P00016850 (MFMOb37) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық режіміне көшірілді

30.07.2026 16:07 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 30.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 31 шілдеден 
бастап "Jet Finance" МҚҰ" ЖШС-ның KZ2P00016850 облигациялары (KASE 
баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFMOb37; 1 000 KZT, 2,0 млрд 
KZT; айналыс мерзімі: 27.07.26 – 27.07.28; ай сайынғы купоны – жылдық 
23,00 %; 30/360) бойынша сауда-саттықтың "таза" бағалар режіміне 
ауыстырылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде аталған облигациялар бойынша баға белгілеу 
дәлдігі облигацияның номиналынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының 
ондық бөлшектен кейінгі төртінші таңбасына дейін белгіленген. Баға 
белгілеу валютасы – KZT.

Аталған облигациялар шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланған:
https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFMOb37

[2026-07-30]