Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

/ҚАЙТАЛАУ/ 01 тамыздан бастап Маркет-мейкерлер қызметінің ережелеріне енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі

31.07.2026 10:01 · KASE нормативная база поправки в документы новости kase ·
/KASE, 31.07.26, 13.07.26, жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы 
(KASE) Басқармасының 2026 жылдың 30 маусымындағы шешімімен 
2026 жылдың 01 тамызынан бастап қолданысқа енгізілетін "Маркет-
мейкерлер қызметінің ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатына 
№ 28 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді.

Түзетулермен бағалы қағаздардың, оның ішінде "KASE Global" секторына 
енгізілген ETF бойынша маркет-мейкерлер үшін:

- 11:30-дан 17: 30-ға дейін спрэдтің максималды мәні – 0,9 %, күту 
  уақыты – 142 минут;

- 17:31-ден 22:00-ге дейін спрэдтің максималды мәні – 0,5 %, күту уақыты 
  – 50 минут.

Бұдан басқа, KASE Global секторының бағалы қағаздары бойынша маркет-
мейкерлер үшін жауапкершілік шараларын қолдану механизмі нақтыланды.

Ережелердің жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме 
бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/information/rules ("Сауда-саттық" 
қалташасы – "Маркет-мейкерлер").

[2026-07-31]