"Kazakhmys Copper" (Казахмыс Коппер) АҚ-тың жалғыз акционері қоғамның жай акциялары бойынша 2025 жылға дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады
/KASE, 31.07.26/ – "Kazakhmys Copper" (Казахмыс Коппер) АҚ (KASE тикері – KMCP) жалғыз акционерінің 2026 жылғы 24 шілдедегі шешімдері туралы хабарлады. Жалғыз акционер, өзге шешімдермен қатар, мынадай шешімдер қабылдады: - қоғамның 2025 жылғы жеке аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіту; - қоғамның 2025 жылғы 811 804 052 000 теңге мөлшеріндегі таза кірісінен 399 615 581 365 теңгені қоғамның жай акциялары бойынша дивиденд төлеуге бағыттау. Аталған ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://kase.kz/files/emitters/KMCP/kmcp_decision_sole_240726_39.pdf [2026-07-31]