Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

"Каспий" Тауар биржасы" АҚ орнықты даму саласындағы үшінші есебін ұсынды

31.07.2026 16:36 · KASE корпоративтік оқиғалар пресс-релизы новости эмитентов ·
/KASE, 31.07.26/ – "Каспий" Тауар биржасы" АҚ (KASE тикері – EXCS) 
төмендегідей хабарлады:

дәйексөздің басы

"Каспий" Тауар биржасы" АҚ (ТБК) Компанияның 2025 жылғы қызметінің 
негізгі нәтижелері ұсынылған және бизнестің орнықтылығын нығайтуға, 
корпоративтік басқаруды дамытуға және айқындықты арттыруға 
бағытталған ESG тәсілдерін іске асырудағы ілгерілеу көрсетілген орнықты 
даму саласындағы үшінші есебін жариялады.

Есепті жылы Биржа Қазақстанның тауар нарығының жетекші 
инфрақұрылымдық институттарының бірі ретіндегі өз ұстанымын одан әрі 
нығайтты. Ең маңызды жетістіктердің қатарында S&P Global халықаралық 
ESG бағасының 60 балға дейін жоғарылауы, әлеуметтік маңызы бар 
биржалық тауарлармен сауда жасау жөніндегі уәкілетті тауар биржасы 
мәртебесін алуы, цифрлық инфрақұрылымды дамытуы және климаттық 
тәуекелді басқарудың жаңа тәсілдерін енгізуі бар.

Есеп халықаралық GRI стандарттарына сәйкес дайындалған және 
корпоративтік басқару, іскерлік әдеп, цифрлық трансформация, ақпараттық 
қауіпсіздік, адами капиталды дамыту және климаттық күн тәртібі туралы 
ақпаратты қамтиды. Құжатта сондай-ақ Биржаның БҰҰ-ның Орнықты даму 
мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесі және жауапты бизнес жүргізудің 
үздік халықаралық тәжірибелеріне бейілділігі көрсетілген.

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің қазақ тіліндегі толық нұсқасы:
https://kase.kz/files/emitters/EXCS/6002-press-reliz-esg-kz.pdf

Баспасөз мәлімдемесінің орыс тіліндегі толық нұсқасы:
https://kase.kz/files/emitters/EXCS/excs_relizs_290726_1.pdf

Баспасөз мәлімдемесінің ағылшын тіліндегі толық нұсқасы:
https://kase.kz/files/emitters/EXCS/excs_relizs_290726_en.pdf

[2026-07-31]