Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

05 тамыздан бастап төрт атаудағы бағалы қағаз Т+ тізіміне және Т+ қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі

03.08.2026 11:12 · KASE новости kacc новости новости клирингового центра ·
/KACC, 03.08.26/ – KASE клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекел 
жөніндегі комитетінің шешімімен 2026 жылғы 05 тамыздан бастап төменде 
көрсетілген бағалы қағаздар ішінара қамтамасыз ету шарттарымен орталық 
контрагенттің қатысуымен мәміле жасауға жіберілген қор нарығының қаржы 
құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) және ішінара қамтамасыз ету шарттарымен 
жасалатын мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде 
есепке алынатын қаржы құралдарының тізіміне (Т+ қамтамасыз ету тізімі) 
енгізіледі:

1) "Қазақстан Тұрғын үй компаниясы" АҚ-тың KZ2C00015931 купондық 
   облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZIKb45) – 
   Т+ тізімі және Т+ қамтамасыз ету тізімі;

2) "Қазақстан Тұрғын үй компаниясы" АҚ-тың KZ2C00015949 купондық 
   облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZIKb46) – 
   Т+ тізімі және Т+ қамтамасыз ету тізімі;

3) "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ-тың KZ2C00014850 купондық 
   облигациялары (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" 
   санаты, KFUSb95) – Т+ тізімі;

4) "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ-тың KZ2C00015170 купондық 
   облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb112) 
   – Т+ тізімі.

Қаржы құралдарын Т+ тізіміне және Т+ қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі 
KACC интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланған: 
https://kacc.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf

[2026-08-03]