Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

KASE сауда жүйесі мен дерекқорларында "ЦентрКредит-Валютный" ИИПҚ-ның KZPF00000058 (BCCI_cc) пайларының номиналды құны мен баға белгілеу дәлдігі өзгертілді және олармен сауда-саттық қайта басталады

03.08.2026 17:12 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 03.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE сауда жүйесі мен 
дерекқорларында "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың еншілес ұйымы – "BCC Invest" 
АҚ басқаруындағы "ЦентрКредит-Валютный" интервалдық инвестициялық 
пай қорының (ИИПҚ) KZPF00000058 (инвестициялық қорлардың бағалы 
қағаздары секторы, BCCI_cc) пайлары бойынша мынадай ақпараттың 
өзгертілгенін хабарлайды:

- номиналды құны 100 АҚШ долларынан 10 АҚШ долларына өзгертілді;

- баға белгілеу дәлдігі үтірден кейінгі екі таңбадан төрт таңбаға өзгертілді.

KASE-де осы пайлармен 2026 жылғы 29 шілдеден бастап уақытша 
тоқтатылған сауда-саттық 2026 жылғы 04 тамыздан бастап қайта 
басталады.

Бұған дейін осы тақырып бойынша KASE-нің "2026 жылғы 29 шілдеден 
бастап KASE-де "ЦентрКредит-Валютный" ИИПҚ-ның KZPF00000058 
(BCCI_cc) пайларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылады" атты жаңалығы 
жарияланған болатын: https://kase.kz/ru/information/news/show/1571751

[2026-08-03]