Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

05 тамыздан бастап KASE-де Еуропалық инвестициялық банктің US298785JT41 (EIB_e1) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылды

05.08.2026 09:28 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 05.08.26/ – "Қазақстан қор биржасы" (KASE) 2026 жылғы 05 
тамыздан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен өткізілетін 
сауда-саттық режімдеріндегі репо операциялары бойынша Еуропалық 
инвестициялық банктің US298785JT41 халықаралық облигацияларымен 
("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EIB_e1) 
есеп айырысу күні 2026 жылғы 05 қарашаға және одан кейінгі күндерге 
келетін мәмілелер бойынша сауда-саттықтың уақытша тоқтатылғанын 
хабарлайды.

Аталған облигациялармен KASE-де сауда-саттық 2026 жылғы 09 қарашадан 
бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE-де аталған облигациялар бойынша купондық сыйақы 
төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты KASE-
нің "Сауда-саттықты жүзеге асыру қағидалары" атты ішкі құжатының 13-
тарауының 77-тармағының 12) тармақшасына сәйкес уақытша тоқтатылды.

[2026-08-05]