/KASE, 05.08.26/ – "Қазақстан қор биржасы" (KASE) өз интернет-ресурсында
Қазақстанның 2026 жылғы шілде айындағы іскерлік белсенділік индексіне
(ІБИ) шолу жариялады. Шолуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
кәсіпорындарға жүргізілген ай сайынғы сауалнама нәтижесі бойынша
дайындады және онда кәсіпорындардың экономикалық көрсеткіштерінің
нақты өзгерістеріне және олардың болашақтағы өзгерістеріне қатысты
күтулеріне байланысты сұрақтарға берген жауаптарының жиынтығы қамтылған.
ІБИ нақты сектордағы экономиканың жай-күйін сипаттайтын көрсеткіш
болып табылады, экономикалық үрдістердің, іскерлік циклдің сыни және
бетбұрыс нүктелерінің серпінін зерттеуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпаратына сәйкес:
"2026 жылғы шілдеде іскерлік белсенділік индексі (ІБИ) бейтарап деңгейден
сәл төмен болып, 49,8 құрады.
Іскерлік белсенділіктің оң серпіні өндірісте, құрылыста және қызмет
көрсету саласында байқалды, мұнда индекстер бейтарап деңгейден (50)
жоғары қалыптасып, тиісінше 52,2, 51,8 және 50,4 болды (маусымда –
52,4, 54,2 және 49,8). Саудада және тау-кен өндіру өнеркәсібінде
индекстер төмендеу аймағында қалып, тиісінше 46,6 және 47,2 болды
(маусымда – 48,0 және 46,6). Саудада барлық компонент бойынша
көрсеткіштердің төмендеуі тіркелді, оның ішінде жеткізу мерзімдері
бойынша төмендеу неғұрлым айқын болды. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде
жаңа тапсырыстардың, жаңа өнім шығару көлемінің және жұмыспен
қамту деңгейінің қысқаруы байқалды."
Қазақ тіліндегі шолу – https://kase.kz/kz/indexes-and-indicators/pmi
Орыс тіліндегі шолу – https://kase.kz/ru/indexes-and-indicators/pmi
Ағылшын тіліндегі шолу – https://kase.kz/en/indexes-and-indicators/pmi
[2026-08-05]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.