/KASE, 05.08.26/ – Freedom Holding Corp. "Қазақстан қор биржасына" (KASE)
Қазақстанның қызмет көрсету саласындағы 2026 жылғы шілде айына
арналған іскерлік белсенділік индексіне (PMI) шолу ұсынды.
Төменде Freedom Holding Operations ЖШС Экономикалық зерттеу және
аналитика бөлімінің басшысы Салтанат Мұхамбетәлиеваның түсіндірмесі берілген:
"Шілде айында Қазақстанның қызмет көрсету саласы өсімін жалғастырып,
ұзақ уақыт ішіндегі ең жоғары оптимизм деңгейін тіркеді және өңдеуші
салалардан алшақтығын ұлғайтты. Іскерлік белсенділік серпінінің бағыттары
айтарлықтай әртүрлі болғандықтан, қызмет көрсету және өңдеуші
кәсіпорындардың іскерлік белсенділігі арасындағы спред бақылау
жүргізілген бүкіл кезеңдегі ең жоғары деңгейге жетті. Дегенмен, қызмет
көрсету саласындағы оптимизм біршама тұрақсыз болып көрінеді. Жаңа
тапсырыстардың артуына қарамастан (көлік және қоймалау сегментін
қоспағанда), салада жұмыс орындарының қысқаруы жалғасты. Басқа да
факторлардың қатарында үш ай бойы шарықтау шегінен кейін біршама
бәсеңдегенімен, маржалыққа тарихи тұрғыдан жоғары қысымның сақталуын,
сондай-ақ бір жылдық көкжиектегі бизнес күтуінің күрт төмендеуін атап өтуге
болады, бұл соңғы он айдағы ең жоғары айлық төмендеу қарқыны болды.
Сектордың одан әрі дамуы көп жағдайда алдағы бірнеше айдағы нарық
конъюнктурасының қалай қалыптасатынына байланысты болады."
Қазақ тіліндегі шолу –
https://kase.kz/uploads/KZ_Services_KAZ_2607_PR_fcdbf28f27.pdf
Орыс тіліндегі шолу –
https://kase.kz/uploads/KZ_Services_RUS_2607_PR_aafb9c7916.pdf
Ағылшын тіліндегі шолу –
https://kase.kz/uploads/KZ_Services_ENG_2607_PR_ddede81876.pdf
[2026-08-05]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.