Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

06 тамыздан бастап "TRANZIT TRANS LOGISTICS" ЖШС-ның KZ2P00019052 (TTLSb2) және KZ2P00019102 (TTLSb3) облигациялары KASE ресми тізімінің баламалы алаңының "облигациялар" санатына енгізіледі

05.08.2026 16:20 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 05.08.26/ – "Қазақстан қор биржасының" (KASE) Листинг комиссиясы 
2026 жылғы 04 тамызда "TRANZIT TRANS LOGISTICS" ЖШС-ның (Алматы) 
төменде көрсетілген облигацияларын KASE ресми тізімінің баламалы 
алаңының "облигациялар" санатына енгізу туралы шешім қабылдады:

1) KZ2P00019052 (TTLSb2; $100; $30,0 млн; 3 жыл; тоқсандық купон, 
   жылдық 10,00 %; 30/360);

2) KZ2P00019102 (TTLSb3; 1 000 KZT; 15,0 млрд KZT; 3 жыл; тоқсандық 
   купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген 
   сауда-саттықтың қорытындысы бойынша айқындалады; 30/360).

Листинг комиссиясының бұл шешімі 2026 жылғы 06 тамыздан бастап күшіне 
енеді.

Аталған облигациялармен KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы 
қосымша хабарланатын болады.

"TRANZIT TRANS LOGISTICS" ЖШС-ның қаржылық консультанты – "Фридом 
Финанс" АҚ.

KZ2P00019052 (TTLSb2) облигацияларының шығарылымы – "TRANZIT 
TRANS LOGISTICS" ЖШС-ның 2026 жылғы 16 шілдеде тіркелген көлемі 
100,0 млн АҚШ доллары болатын бірінші облигациялық бағдарламасы 
шегіндегі алғашқы шығарылым.

KZ2P00019102 (TTLSb3) облигацияларының шығарылымы – "TRANZIT 
TRANS LOGISTICS" ЖШС-ның 2026 жылғы 16 шілдеде тіркелген көлемі 50,0 
млрд KZT болатын екінші облигациялық бағдарламасы шегіндегі алғашқы 
шығарылым.

Аталған облигациялар шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат 
https://kase.kz/ru/listing/issuers/TTLS сілтемесі бойынша жарияланған.

[2026-08-05]