Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

06 тамыздан бастап KASE айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ-тың KZ2C00008464 (PRKRb7) және KZ2C00010023 (PRKRb9) облигацияларын KASE_BM сериялы индикаторларының өкілдік тізімінен шығарды

06.08.2026 10:12 · KASE индекстер мен индикаторлар индексы серии kase_b* новости kase ·
/KASE, 06.08.26/ – "Қазақстан қор биржасы" (KASE) 2026 жылғы 06 
тамыздан бастап айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты ("06 тамыз – 
өтеу кезіндегі тіркеу күні") негізгі алаңдағы корпоративтік облигациялар 
нарығының индикаторларын (KASE_BM* сериясы) есептеуге арналған 
өкілдік тізімнен "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" 
АҚ-тың KZ2C00008464 (PRKRb7) және KZ2C00010023 (PRKRb9) 
облигацияларын шығарды.

2026 жылғы 06 тамыздан бастап KASE_BM* сериялы индикаторларының 
өкілдік тізімі 68 атаудағы облигациялардан тұрады.

KASE_BMY – корпоративтік облигациялар кірістілігінің индикаторы.

KASE_BMC – есептелген, бірақ төленбеген жинақталған купондық сыйақыны 
есепке алмайтын бағалар ("таза" бағалар) бойынша есептелетін 
корпоративтік облигациялар бағасының индексі.

Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда-
саттық қорытындысы бойынша күніне бір рет есептейді.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-ресурсында 
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf сілтемесі бойынша 
жарияланған.

[2026-08-06]