Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ 30 шілдеде KASE-де жазылу арқылы халықаралық XS3032932645 (BRKZe18) облигацияларын 5,45 % мөлшеріндегі өтеуге дейінгі кірістілікпен қосымша орналастырып, 12,2 млн АҚШ долларын тартты

06.08.2026 18:12 · KASE торговая информация подписка новости kase ·
/KASE, 06.08.26/ – Бұрын хабарланғандай, 2026 жылғы 30 сәуірде 
"Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Қазақстанның 
Даму Банкі" АҚ-тың XS3032932645 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" 
санаты, BRKZe18) облигацияларын оларға жазылу арқылы қосымша 
орналастыру жүргізілді. Төменде сұраным параметрлері мен KASE-дегі 
жазылу нәтижесі көрсетілген.

Осы облигацияларға жазылу жүргізу барысында KASE-де бірлескен 
букраннер ретінде "Halyk Finance" АҚ әрекет етті.

СҰРАНЫС ПАРАМЕТРЛЕРІ:                                                    
------------------------------------------------- -----------------------
Қатысушы саны:                                    3                      
Берілген өтінім саны (барлығы/белсенді):          6 / 5                  
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн АҚШ доллары:      12,4                   
Белсенді өтінімдер көлемі, ҚР Ұлттық Банкі        5 909,4                
бағамы бойынша млн теңгедегі баламасы:                                   
Берілген өтінімдер бойынша "таза" баға, номиналының % (барлығы/белсенді):
– минималды                                       100,4017               
– максималды                                      100,7316               
– орташа алынған                                  100,6051 / 100,5842    
Берілген өтінімдер бойынша кірістілік, жылдық % (барлығы/белсенді):      
– минималды                                       5,4000                 
– максималды                                      5,5000                 
– орташа алынған                                  5,4383 / 5,4446        
-------------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінім беру кезеңі аяқталған сәтте                
  сауда-саттыққа қатысушылар күшін жоймаған, оған                          
  қоса Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.                     
                                                                                                                                          
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 82,6 % банктердің үлесіне, 12,4 % 
брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне, 5,0 % өзге жеке адамдардың 
үлесіне тиді.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕСІ:                                            
------------------------------------------------- ---------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің, облигациялардың  11 900 000     
көлемі:                                                          
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, АҚШ доллары: 12 188 619,6   
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, ҚР Ұлттық    5 726 822 933,2
Банкінің 06 тамыздағы бағамы бойынша теңгедегі                   
баламасы:                                                        
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:                4              
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:   3              
Қанағаттандырылған өтінімдердегі "таза" баға,     100,5660       
номиналдың %:                                                    
Сатып алушы үшін облигациялардың өтеуге дейінгі   5,4500         
кірістілігі, жылдық %                                            
-----------------------------------------------------------------

Орналастырған кезде инвесторлардың негізгі санаттары ішінде 
облигациялардың жалпы көлемінің 84,0%-ын банктер, 12,6 %-ын брокерлік-
дилерлік ұйымдар, 3,4 %-ын жеке адамдар сатып алған.

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) дерегіне сәйкес 
KASE-нің көрсетілген облигацияларына жазылым нәтижесі бойынша осы 
ақпаратты жариялаған сәтте мәмілелер бойынша толық есеп айырысу 
жүргізілген, жазылым аяқталды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:                              
--------------------------------------- -----------
Жазылу жүргізілетін күн:                30.07.25   
Сатып алуға берілген өтінім түрі:       лимиттелген
Өтінім қабылданатын уақыт:              14:30–21:00
Мәміле жасалған күн мен уақыт:          06.08.26   
Есеп айырысу жүргізілген күн мен уақыт: 06.08.26   
---------------------------------------------------

[2026-08-06]