Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

"Fincraft Resources" АҚ акционерлері қоғамның жай акциялары бойынша 2025 жыл үшін дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады

07.08.2026 10:11 · KASE корпоративтік оқиғалар итоги голосования, решения собраний акционеров, держателей цб новости эмитентов ·
/KASE, 07.08.26/ – "Fincraft Resources" АҚ (KASE тикері – SATC) 2026 
жылғы 24 шілдеде өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының 
шешімдері туралы хабарлады.

Акционерлер, өзге шешімдермен қатар мынадай шешімдер қабылдады:

- қоғамның 2025 жылғы қаржылық есептілігі бекітілсін;

- 2025 жылғы шоғырландырылған есептілік деректері бойынша қоғамның 
  547 342 мың KZT мөлшеріндегі жиынтық залалы бекітілсін;

- 2025 жылғы шоғырландырылмаған есептілік деректері бойынша 
  қоғамның 503 094 мың KZT мөлшеріндегі жиынтық залалы бекітілсін;

- қоғамның жай акциялары бойынша 2025 жыл үшін дивиденд 
  есептелмесін және төленбесін.

Аталған ақпарат 
https://kase.kz/files/emitters/SATC/satc_special_shareholders_meeting_results_240726_79.pdf
сілтемесі бойынша орналастырылған.

[2026-08-07]