/KASE, 07.08.26/ – "Кселл" АҚ (KASE тикері – KCEL) төмендегіні хабарлады:
дәйексөздің басы
"Kcell" және "activ" брендтерімен қызмет көрсететін "Кселл" акционерлік
қоғамы (бұдан әрі – Kcell немесе Қоғам) (KASE: KCEL) 2026 жылдың бірінші
жартыжылдығындағы қаржылық нәтижелерін жариялайды.
Алты айдың қорытындысы бойынша компанияның түсімі өткен жылдың
сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8 % өсіп, 138,4 млрд теңгені құрады.
Өсім, ең алдымен, тарифтік саясатты қайта қараусыз мобильді интернет пен
цифрлық сервистерді тұтынудың артуы, сондай-ақ абоненттік базаның кеңеюі
есебінен қамтамасыз етілді.
Компанияның операциялық тиімділігі нығая түсті. EBITDA көрсеткіші 13 %
өсіп, 53,8 млрд теңгеге жетті, ал EBITDA бойынша рентабельділік 38,9 %-ға
дейін ұлғайды. Таза кіріс 7,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес
кезеңіндегі нәтижеден 40,5 % жоғары.
Сонымен қатар Kcell телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға
инвестиция салудың жоғары деңгейін сақтап отыр. 2026 жылдың бірінші
жартыжылдығының қорытындысы бойынша күрделі шығын 32 млрд теңгеден
асып, қамту аумағын одан әрі кеңейтуге, жаңа базалық станцияларды салуға
және байланыс сапасын арттыруға бағытталды.
Компанияның абоненттік базасы 11,2 % өсіп, 9,05 млн клиентке жетті, бұл
коммерциялық стратегияның тиімділігін, өнімдер портфелінің бәсекеге
қабілеттілігін және компания көрсететін қызметтерге тұрақты сұранысты
көрсетеді.
Осылайша есепті кезеңде мобильді интернет-трафиктің көлемі де 78 % өсіп,
1 122 петабайтты құрады, ал бір пайдаланушының орташа айлық тұтынуы
63,4 % өсіп, 30,4 ГБ-қа жетті. Бұл ретте бір абонентке шаққандағы орташа
кіріс (ARPU) 1 750 теңгені құрап, 3,3 % төмендеді, бұл тұтыну көлемінің өсуі
аясында байланыс қызметтерінің қолжетімділігінің сақталғанын көрсетеді.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің орыс тіліндегі толық нұсқасы–
https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_relizs_070826_1.pdf
Баспасөз мәлімдемесінің ағылшын тіліндегі толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_relizs__070826_eng.pdf
[2026-08-07]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.