Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

"Home Credit Bank" АҚ ("Forte Bank" АҚ ЕБ) 07 тамызда KASE-де жылдық 17,75 %-бен KZ2C00017473 (HCBNb23) облигацияларын орналастырып, 2,0 млрд KZT тартты

07.08.2026 18:22 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 07.08.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесінде 
(KASE) "Home Credit Bank" АҚ ("Forte Bank" АҚ ЕБ) KZ2C00017473 (KASE 
негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, HCBNb23; 1 000 KZT, 
10,0 млрд KZT; 07.08.26 – 07.08.27; 30/360) облигацияларын орналастыру 
бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Төменде сұраным 
параметрлері мен мамандандырылған сауда-саттық нәтижесі көрсетілген.

СҰРАНЫС ПАРАМЕТРЛЕРІ:                                    
---------------------------------------------- ----------
Қатысушы саны:                                 1         
Берілген өтінім саны (барлығы/белсенді):       2 / 2     
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн KZT:           2 000,0   
Сұраныстың ұсынысқа қатынасы:                  100,0%    
Берілген өтінімдер бойынша купон               17,7500   
мөлшерлемесі, жылдық % (барлығы/белсенді):               
---------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінім беру кезеңі аяқталған сәтте
  сауда-саттыққа қатысушылар күшін жоймаған, оған          
  қоса Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.                                                        
                                                        
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 50,0% брокерлік-дилерлік 
ұйымдардың үлесіне, 50,0% институционалдық инвесторлар үлесіне тиеді.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕСІ:                                                   
-------------------------------------------------------- ---------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің, облигациялардың көлемі: 2 000 000      
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, KZT:             2 000 000 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:                       2              
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:          1              
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, жоспардың %:     100,0          
Қанағаттандырылған өтінімдердегі                         17,7500        
купонның мөлшерлемесі, жылдық %:                                        
------------------------------------------------------------------------

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ дерегіне сәйкес сауда-
саттық нәтижесі бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте осы орналастыру 
бойынша мәмілелер толық орындалды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:                                                 
--------------------------------------- ------------------------------
Сауда-саттық өткізілетін күн:           07.08.26                      
Орналастырудың жарияланған көлемі, KZT: 2 000 000 000                 
Лот мөлшері, дана:                      1                             
Сауда-саттық мәні:                      Купон мөлшерлемесі            
Сатып алуға берілген өтінім түрі:       лимиттелген                   
Өтінім беру тәсілі:                     жабық                         
Өтінім қабылданатын уақыт:              10:00–12:00                   
Өтінім расталатын уақыт:                10:00–12:30                   
Кесім уақыты:                           13:00 (Т+0)                   
Төлем жасалатын күн және уақыт:         07.08.26, 13:00               
Өтінімдерді кесу әдісі:                 бағалары кесім бағасына тең   
                                        немесе одан төмен өтінімдер   
                                        кесіп алып тасталады          
Өтінімдердің бағасына байланысты        бір баға бойынша бөліп жіктеу;
лимиттелген өтінімдерді қанағаттандыру                                
тәсілі:                                                               
Берілген кезегіне байланысты            қарсы өтінімдерді қабылдау    
лимиттелген өтінімдерді қанағаттандыру  уақыты бойынша                
тәсілі:                                                               
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:   "Alatau City Invest" АҚ       
----------------------------------------------------------------------

[2026-08-07]