/KASE, 11.08.26/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасы (KASE) сауда-саттық жүйесінде Азия даму банкінің XS3459894047
халықаралық облигацияларына төменде көрсетілген талаптармен жазылу
арқылы оларды бастапқы орналастыру (Астана қ. уақытымен) жүргізілетінін
хабарлайды.
Көрсетілген облигацияларға жазылу жүргізілген кезде, сатушы "Tengri
Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (бұдан әрі – Сатушы) болады.
-----------------------------------------------------------------
Бағалы қағаз түрі: халықаралық облигациялар
ISIN: XS3459894047
--------------------------------------- -------------------------
Жазылу жүргізілетін күн: 11.08.26
Орналастырудың номиналды көлемі, KZT: 9 000 000 000
Сатып алуға берілген өтінім түрі: Лимиттелген және нарықтық
Өтінім қабылданатын уақыт: 10:00–12:00
Мәміле жасалған күн мен уақыт: 11.08.26, 15:00
Есеп айырысу жүргізілген күн мен уақыт: 17.08.26, 10:00
-----------------------------------------------------------------
Облигациялардың жиынтық номиналды көлемі алдын ала болып табылады
және аталған жазылудың бастамашысының хабарламасына сәйкес
өзгертілуі мүмкін.
Өтінімдегі баға ретінде жылдық пайызбен көрсетілген купон
мөлшерлемесінің мәні үтірден кейінгі екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен
көрсетілуге тиіс.
Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде теңгемен көрсетілген
номиналды көлем көрсетілуге тиіс. Лот бір облигацияға тең, өтінімнің ең аз
көлемі – 1 000 теңге.
Осы жазылу жүргізудің талаптарына сәйкес көрсетілген облигациялардың
Сатушысына жария етілетін инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның
атауы кіреді:
Жазылуға қатысуға өтінімдер тек KASE-нің "қор" санатындағы мүшелері
арқылы беріледі. KASE-нің санаттар бойынша бөліп көрсетілген
мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған:
https://kase.kz/ru/members/membership/all
Есеп айырысуды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүргізеді.
Мәміле жасау ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған:
https://kase.kz/files/normative_base/rules_making_deals.pdf
[2026-08-11]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.