Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

12 тамыздан бастап Азия даму банкінің XS3459893312 (ASDBe25) және XS3459894047 (ASDBe26) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді

12.08.2026 18:06 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 12.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 
2026 жылдың 06 тамызындағы шешімімен KASE ресми тізімінің 
"Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына Азия 
даму банкінің мынадай халықаралық облигациялары енгізілді:

1) XS3459893312 (ASDBe25; 1 000 KZT; 15,0 млрд KZT; 3 жыл 7 ай; жарты 
   жылдық купон, жылдық 14,90%; 30/360);

2) әлеуметтік XS3459894047 (ASDBe26; 1 000 KZT; 9,0 млрд KZT; 4 жыл 
   9 ай; жарты жылдық купон, жылдық 14,55%; 30/360).

Көрсетілген облигацияларға рұқсат берудің бастамашысы "Tengri Partners 
Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады.

Басқарманың бұл шешімі 2026 жылдың 12 тамызынан бастап күшіне енеді.

Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы 
қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат 
мына сілтемелер бойынша жарияланды 
https://kase.kz/ru/investors/bonds/ASDBe25 және 
https://kase.kz/ru/investors/bonds/ASDBe26

[2026-08-12]