13 тамыздан бастап "Bereke Bank" АҚ (LESHA Bank LLC (Public) ЕБ) KZ2C00019362 (BERKb21) облигациялары негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 13.08.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2026 жылдың 12 тамызында"Bereke Bank" АҚ (LESHA Bank LLC (Public) ЕБ) (Алматы) KZ2C00019362 (BERKb21; 1 000 KZT, 50,0 млрд KZT; 9 ай; өзгермелі жарты жылдық купон – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық ставкасы + 0,4 % тиянақталған маржа; actual/actual) облигацияларын негізгі алаңын "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Басқарманың бұл шешімі 2026 жылдың 13 тамызынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/BERKb21 [2026-08-13]