Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

14 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ KZ2C00019248 (SKKZb34) және KZ2C00019255 (SKKZb35) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

13.08.2026 16:50 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 13.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
14 тамызынан бастап "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның 
келесі облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды:

- KZ2C00019248 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, SKKZb34; 1 
  000 KZT, 55,5 млрд KZT; 31.07.26 – 31.07.41; құбылмалы жарты жылдық 
  купон, TONIA Compounded Index + 1,00 %; 30/360);

- KZ2C00019255 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, SKKZb35; 
  1 000 KZT, 55,5 млрд KZT; 31.07.26 – 31.07.41; құбылмалы жарты 
  жылдық купон, TONIA Compounded Index + 1,00 %; 30/360).

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының 
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – KZT.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат 
мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/listing/issuers/SKKZ

[2026-08-13]