Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

18 тамыздан бастап екі атаудағы облигациялар Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі

17.08.2026 12:52 · KASE Регламент и торги новости kacc новости новости клирингового центра ·
/KACC, 17.08.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық 
тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2026 жылдың 18 тамызынан 
бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен 
жасалатын мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының 
тізіміне (Т+ Тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша 
міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының 
тізіміне (Т+ Қамтамасыз ету тізімі ) Еуразиялық даму банкінің мынадай 
облигациялары енгізілетін болады:

1) KZ2D00019379 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" 
   секторы, EABRb68) – Т+ Тізімі;

2) KZ2D00018538 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" 
   секторы, EABRb66) – Т+ Қамтамасыз ету тізімі.

Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу 
тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған 
https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf

[2026-08-17]