Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

19 тамыздан бастап Түркістан облысының жергілікті атқарушы органы облигацияларының үш шығарылымы KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді

19.08.2026 09:00 · KASE Листинг и размещения инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 19.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 
шешімімен 2026 жылдың 19 тамызынан бастап KASE ресми тізімінің 
"Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына Түркістан облысының жергілікті 
атқарушы органының мынадай облигациялары енгізілді:

1) KZMJ00003952 (TKK120_395; 1 000 KZT, 585 282 000 KZT; 10 жыл; 
   жылдық купон, жылдық 14,31%; 30/360);

2) KZMJ00003960 (TKK084_396; 1 000 KZT, 1 755 851 000 KZT; 7 жыл; 
   жылдық купон, жылдық 14,31%; 30/360);

3) KZMJ00003978 (TKK060_397; 1 000 KZT, 453 406 000 KZT; 5 жыл; 
   жылдық купон, жылдық 14,31%; 30/360).

Аталған облигациялар ағынды суларды тазарту құрылыстарының 
кешендерін, жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен 
жүйелерін салу мен жаңғыртуды (реконструкциялау, күрделі жөндеу) 
қаржыландыру мақсатында шығарылды.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат 
мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/markets/government-securities

[2026-08-19]