Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

Бүгін Қазақстан қор биржасында Еуразиялық даму банкі 30,0 млн KZ2D00018496 (EABRb63) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізу жоспарлануда

20.08.2026 09:38 · KASE Листинг и размещения торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 20.08.26/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде биржасында Еуразиялық даму 
банкі KZ2D00018496 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы 
қағаздары" секторы, EABRb63) облигацияларын орналастыру бойынша 
арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетінін хабарлайды.

---------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                  дисконттық облигациялар          
ISIN:                                     KZ2D00018496                     
KASE сауда-саттық коды:                   EABRb63                          
Номиналды құны, теңге:                    1 000                            
Шығарылым көлемі, теңге:                                                   
– тіркелген:                              50 000 000 000                   
– орналастырылған:                        –                                
Айналымның басталу күні:                  облигацияларды орналастыру       
                                          бойынша алғашқы жүзеге асқан     
                                          сауда-саттықты өткізу күні       
Айналымның соңғы күні:                    кейінірек анықталады             
Өтеудің басталу күні:                     кейінірек анықталады             
Айналым мерзімі:                          90 күн                           
Уақыттық база:                            30 / 360                         
----------------------------------------- ---------------------------------
Сауда-саттық күні:                        20.08.26                         
Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге: 30 000 000 000                   
Лот мөлшері, дана.:                       1                                
Сауда-саттық заты:                        дисконтталған купон              
Сатып алуға өтінім түрі:                  шектелімді                       
Өтінім беру тәсілі:                       жабық                            
Өтінімдерді қабылдау уақыты:              10:00–12:00                      
Өтінімдерді растау уақыты:                10:00–12:00                      
Кесімдеу уақыты:                          12:30 (Т+0)                      
Төлем күні мен уақыты:                    20.08.26, 12:30                  
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:               бағалары кесімдеу бағасына тең   
                                          немесе одан төмен өтінімдер      
                                          кесімделеді                      
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді    кесімдеу бағасына тең немесе     
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:        сатушы үшін неғұрлым тиімді болып
                                          табылаьтын шектелімді қарсылама  
                                          өтінімдердің бағалары бойынша    
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау   
қарай оларды қанағаттандыру тәсілі:       уақыты бойынша                   
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     Еуразиялық даму банкі            
---------------------------------------------------------------------------

Еуразиялық даму банкінің бірлескен андеррайтері "Alatau City Invest" АҚ 
болып табылады.

Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен 
көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген 
облигациялардың дисконтталған бағасы көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде данамен белгіленген 
облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны 
лоттың мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс.

Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен 
жасалған мәмілелер сомаларын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес 
есептеледі https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf

Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің 
ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып 
алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып 
алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның төленетін уақыт кестесінде 
көрсетілгенге дейін болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері 
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш 
бере алады. KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша 
жарияланған https://kase.kz/ru/members/membership/all

Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері мына сілтеме бойынша 
жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/rules_trade.pdf.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/EABRb63

[2026-08-20]