Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

20 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігінің халықаралық облигацияларының екі шығарылымымен сауда-саттық ашылады

20.08.2026 10:45 · KASE Листинг и размещения инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 20.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
20 тамызынан бастап Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы 
министрлігінің келесі халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-
саттық ашылатынын хабарлайды:

1) XS2827786455 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, UZ_06_2705; 
   600,0 млн евро; 29.05.24 – 29.05.27; жылдық купон, жылдық 5,375 %; 
   actual/actual);

2) XS3008639810 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, UZ_07_2902; 
   500,0 млн евро; 25.02.25 – 25.02.29; жылдық купон, жылдық 5,100 %; 
   actual/actual).

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының 
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – KZT.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат 
мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/listing/issuers/UZ_MF

[2026-08-20]