Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

20 тамыздан бастап "Fincraft Group" ЖШС KZ2P00019458 (NCOMb15) облигациялары негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

20.08.2026 11:09 · KASE Листинг и размещения инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 20.08.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 
2026 жылдың 18 тамызында "Fincraft Group" ЖШС (Алматы) KZ2P00019458 
(NCOMb15; $100, $10,0 млн; 360 күн; жартыжылдық купон, жылдық 11,00%; 
30/360) облигацияларын негізгі алаңының "коммерциялық облигациялар" 
санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Басқарманың бұл шешімі 2026 жылдың 20 тамызынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы 
қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/NCOMb15

[2026-08-20]