Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

/ӨЗГЕРТІЛДІ/ 21 тамыз күні Қазақстан қор биржасында "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ KZ2C00010379 (BRKZb37) облигацияларына жазылым жүргізіледі

20.08.2026 14:52 · KASE Листинг и размещения торговая информация подписка новости kase ·
/KASE, 20.08.26, сауда-саттықты өткізу бастамашысы ұсынған ақпарат 
негізінде облигациялардың шығарылым параметрлері өзгертілді/ – 
Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 21 тамызында KASE сауда-
саттық жүйесінде "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ KZ2C00010379 (KASE 
негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BRKZb37) облигацияларына төменде 
келтірілген шарттарда жазылу арқылы (Астана қ. уақыты) бастапқы 
орналастыру жүргізілетінін хабарлайды.

Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Halyk 
Finance" АҚ (Сатуша) әрекет етеді.

---------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                     купонные облигации                  
ISIN:                                        KZ2C00010379                        
KASE сауда-саттық коды:                      BRKZb37                             
Номиналды құны, KZT:                         1 000                               
Шығарылым көлемі, KZT:                                                           
– тіркелген:                                 18 000 000 000                      
– орналастырылған (номинал бойынша):         –                                   
Айналымның басталу күні:                     облигацияларды орналастыру бойынша  
                                             алғашқы жүзеге асқан сауда-саттықты 
                                             өткізу күні                         
Айналымның соңғы күні:                       кейінірек анықталады                
Өтеудің басталу күні:                        кейінірек анықталады                
Айналым мерзімі:                             7,0 жыл (2 520 күн)                 
Купондық ставка:                             облигацияларды орналастыру бойынша  
                                             алғашқы жүзеге асқан сауда-саттықтың
                                             нәтижелері бойынша анықталады       
Купондарды төлеу мерзімділігі:               жылына 1 рет                        
Купонды төлеудің басталу күндері:            кейінірек анықталады                
Уақытша база:                                30 / 360                            
-------------------------------------------- ------------------------------------
Жазылым күні:                                21.08.26                            
Орналастырудың номиналды көлемі, KZT:        1 164 050 000                       
Сатып алуға өтінім түрі:                     шектелімді                          
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                 10:00–12:00                         
Мәмілелер жасалған күн мен уақыт:            21.08.26, 14:30                     
Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты: 21.08.26, 14:30                     
---------------------------------------------------------------------------------



Облигацияларды орналастырудың андеррайтері "Halyk Finance" АҚ болып 
табылады.

Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды 
Сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай 
мәліметтер кіреді:

1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды 
   тұлғаның атауы;

2) жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН.

Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санатындағы KASE мүшелері 
арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі мына 
сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/ru/members/membership/all

Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге 
асырады.

Мәмілелер жасасу ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған 
https://kase.kz/files/normative_base/rules_making_deals.pdf

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/ru/investors/bonds/BRKZb37

[2026-08-20]