Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

21 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігінің халықаралық облигацияларымен төрт шығарылыммен сауда-саттық ашылады

20.08.2026 16:38 · KASE Листинг и размещения инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 20.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
21 тамызынан бастап KASE-де Өзбекстан Республикасы Экономика және 
қаржы министрлігінің келесі халықаралық облигацияларымен сауда-саттық 
ашылатынын хабарлайды:

1) XS1953915136 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, UZ_02_2902; 
   $500,0 млн; 20.02.19 – 20.02.29; жарты жылдық купон, жылдық 5,375 %; 
   30/360);

2) XS2263765856 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, UZ_03_3011; 
   $555,0 млн; 25.11.20 – 25.11.30; жарты жылдық купон, жылдық 3,700 %; 
   30/360);

3) XS2701166717 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, UZ_04_2810; 
   $660,0 млн; 12.10.23 – 12.10.28; жарты жылдық купон, жылдық 7,850 %; 
   30/360);

4) XS3008644737 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, UZ_08_3205; 
   $500,0 млн; 25.02.25 – 25.05.32; жарты жылдық купон, жылдық 6,947 %; 
   30/360).

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының 
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ 
доллары.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат 
мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/listing/issuers/UZ_MF

[2026-08-20]