Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

25 тамыз күні Қазақстан қор биржасында "Home Credit Bank" АҚ ("Forte Bank" АҚ ЕБ) 5,0 млн KZ2C00017523 (HCBNb29) облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

21.08.2026 11:57 · KASE Листинг и размещения торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 21.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
25 тамызында KASE сауда-саттық жүйесінде биржасында "Home Credit 
Bank" АҚ ("Forte Bank" АҚ ЕБ) KZ2C00017523 (KASE негізгі алаңы, 
"облигациялар" санаты, HCBNb29) облигацияларына төменде келтірілген 
шарттарда (Астана қ. уақыты) орналастыру жүргізілетінін хабарлайды.

--------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                  купондық облигациялар           
ISIN:                                     KZ2C00017523                    
KASE сауда-саттық коды:                   HCBNb29                         
Номиналды құны, KZT:                      1 000                           
Шығарылым көлемі, KZT:                                                  
– тіркелген:                              20 000 000 000                  
– орналастырылған:                        –                               
Айналымның басталу күні:                  облигацияларды орналастыру      
                                          бойынша алғашқы жүзеге асқан    
                                          сауда-саттықты өткізу күні      
Айналымның соңғы күні:                    кейінірек анықталады            
Өтеудің басталу күні:                     кейінірек анықталады            
Өтінім беру мерзімі:                      3 жыл (1 080 күн)               
Купон мөлшерлемесі:                       облигацияларды орналастыру      
                                          бойынша алғашқы жүзеге асқан    
                                          сауда-саттықтың нәтижелері      
                                          бойынша анықталады              
Купондарды төлеу мерзімділігі:            жылына 2 рет                    
Купондарды төлеудің басталу күндері:      кейінірек анықталады            
Уақыттық база:                            30 / 360                        
----------------------------------------- --------------------------------
Сауда-саттық күні:                        25.08.26                        
Орналастырудың жарияланған көлемі, KZT:   5 000 000 000                   
Лот мөлшері, дана.:                       1                               
Сауда-саттық заты:                        купон мөлшерлемесі              
Сатып алуға өтінім түрі:                  шектелімді                      
Өтінім беру тәсілі:                       жабық                           
Өтінімдерді қабылдау уақыты:              10:00–12:00                     
Өтінімдерді растау уақыты:                10:00–12:30                     
Кесімдеу уақыты:                          14:30 (Т+0)                     
Төлем күні мен уақыты:                    25.08.26, 14:30                 
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:               бағалары кесімдеу бағасына тең  
                                          немесе одан жоғары өтінімдер    
                                          кесімделеді                     
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді    бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:                                        
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау  
қарай оларды қанағаттандыру тәсілі:       уақыты бойынша                  
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     "Halyk Finance" АҚ              
--------------------------------------------------------------------------

Облигацияларды орналастырудың андеррайтері "Halyk Finance" АҚ болып 
табылады.

Баға ретінде өтінімде екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген 
облигацияның номиналды құнынан пайызбен купон мөлшерлемесінің мәні 
көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде данамен облигациялардың 
саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең 
немесе еселенген болуы тиіс.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір 
облигацияның номиналды құнының көбейтіндісі көрсетілуі керек.

облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер 
сомасын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес есептеледі 
https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf

Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің 
ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып 
алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып 
алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның төленетін уақыт кестесінде 
көрсетілгенге дейін болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері 
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш 
бере алады. KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша 
жарияланған https://kase.kz/ru/members/membership/all

Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері мына сілтеме бойынша 
жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/rules_trade.pdf

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды м

[2026-08-21]