Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

21 тамыз күні Қазақстан қор биржасында Ақтөбе облысының әкімдігі 6,6 млрд KZT тартты

21.08.2026 16:35 · KASE Листинг и размещения торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 21.08.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық 
жүйесінде Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органы 
облигацияларының төрт шығарылымын орналастыру бойынша 
мамандандырылған сауда-саттық өтті.

Мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша келесі 
облигациялар орналастырылды:

1) KZMJ00003994 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ABK084_399; 
   1 000 KZT, 3 094 868 000 KZT; 21.08.26 – 21.08.33; жылдық купон, 
   жылдық 14,31%; 30/360) 3,1 млрд KZT;

2) KZMJ00004000 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ABK120_400; 
   1 000 KZT, 1 031 620 000 KZT; 21.08.26 – 21.08.36; жылдық купон, 
   жылдық 14,31%; 30/360) 1,0 млрд KZT;

3) KZMJ00004034 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ABK084_403; 
   1 000 KZT, 1 821 712 000 KZT; 21.08.26 – 21.08.33; жылдық купон, 
   жылдық 14,31%; 30/360) 1,8 млрд KZT;

4) KZMJ00004042 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ABK120_404; 
   1 000 KZT, 607 236 000 KZT; 21.08.26 – 21.08.36; жылдық купон, жылдық 
   14,31%; 30/360) 0,6 млрд KZT.

Аталған облигациялар ағынды суларды тазарту құрылыстарының 
кешендерін, жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен 
жүйелерін салу мен жаңғыртуды (реконструкциялау, күрделі жөндеу) 
қаржыландыру мақсатында шығарылды.

[2026-08-21]