Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

24 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігінің XS2827783437 (UZ_05_3202) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылады

21.08.2026 17:42 · KASE Листинг и размещения инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 21.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
24 тамызынан бастап Өзбекстан Республикасының Экономика және қаржы 
министрлігінің XS2827783437 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, 
UZ_05_3202; 6 600,0 млн; 29.05.24-28.02.32; жартыжылдық купон, жылдық 
6,90%; 30/360) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық 
ашылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының 
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ 
доллары.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат 
мына сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/ru/investors/gsecs/UZ_05_3202

[2026-08-21]